Жаңа ведомство басшылары тағайындалды
Жаңа мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл моделін жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі құрылды.
Құрылған министрлікке тарқатылған Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің функциясы мен өкілеттілігі берілді. Министрлік құрылымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы құрылды.
Сонымен, екі жеке дара мемлекеттік орган құрылды.
– Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы(сыбайластыққа қарсы қызмет) іс-қимыл ұлттық бюро департаментінің функциясына сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтың алдын алу, ескерту, оларды анықтау, жолын кесу, ашу мен тергеу кіреді.
Департаменттің жетекшісі болып Данияр Бекбергенұлы Үсенов тағайындалды.
– ҚР мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің функциясына мемлекеттік қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алу, мемлекеттік қызмет саласындағы мемлекеттік органдарының Қазақстан Республикасы заңнамаларын сақтауын, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік әдепті ұстануын, мемлекеттік қызмет көрсету сапалылығын бақылау кіреді.
ҚР мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі кеңес Төрағасы болып Берген Маратұлы Беспалинов тағайындалды.
Гүлназым САҒИТОВА