Жолдау – іс жүзінде

Сарыкөл ауданында Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына арнаған  Жолдауын жоспарлы түрде түсіндіру жұмыстары желтоқсан айының басында басталған болатын. Бұл мақсатта аудандық ақпарат-насихат тобы құрылып, оның құрамына 32 адам кірді. Әрине, олар: мемлекеттік мекемелердің басшылары, депутаттар және қоғамдық пікір көшбасшылары.
Бүгінде АНТ мүшелері мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру бойынша көптеген ауылдық округтерді қамтыды. Әсіресе, жұртшылықпен жүздесіп, Жолдаудың негізгі бағыттарын, ондағы қойылған міндеттер мен мемлекет, облыс, аудан деңгейінде қабылданып жатқан шараларды әр тұрғынға ауызба-ауыз жеткізді.  
Айта кету керек, өңірде облыс насихатшыларымен де кездесу өткізілді. Онда облыстық кәсіпкерлік басқармасының қызметкері Ж. Каленова мен «Даму қоры» АҚ облыстық филиалынің менеджері  А. Казаковалар «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы мен мемлекеттік-жеке серіктестікті дамыту мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жасады.   Келелі кездесуге ауданның кәсіпкерлері арнайы шақырылды.
Жалпы, Жолдаудың басымдықтарын түсіндіру  жұмыстары жалғаса бермек. 
 
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓