Облыс активі Жолдауды талқылады
Бүгін “Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму” атты Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың дәстүрлі Жолдауын талқылау мақсатында облыс активінің отырысы болып өтті. Оған мемлекеттік органдар мен кәсіпорындар, үкіметтік емес ұйымдар мен саяси партиялардың басшылары, мәслихат депутаттары қатысты.
Жолдауды талқылаған жиында облыс әкімі А.Мұхамбетов маңызды құжатта бәріміздің алдымызға айқын да, абыройлы міндеттердің қойылғандығын, сондықтан қостанайлықтардың да Елбасымыз алға қойған ұлы мақсаттарды жүзеге асыруға бар күш-жігерлерін жұмсайтындықтарын жеткізді.Сондай-ақ, жиында сөз алғандардың бәрі де Елбасы Жолдауын бір кісідей қолдап, маңызды құжатта Президент нақтылап берген бағыт-бағдарды жүзеге асыруға жұмылатындықтарын тілге тиек етті.
Қарлығаш ОСПАНОВА
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ