Жолдау. Талдау. Қолдау
Бүгін Қостанайдағы ҚР Ұлттық гвардиясының 6697 әскери бөлімінде Елбасы Жолдауын талқылады. Әскери қызметкерлер дөңгелек үстел басында "Нұр Отан" партиясы филиалының баспасөз қызметі жетекшісі С.Шаймағамбетовпен және облыс әкімдігінің "Қоғамдық келісім" КММ жетекшісінің орынбасары А.Қожахметовпен кездесті. Шараның аталған меймандары биылғы дәстүрлі Жолдаудың айырықшалығынан, мазмұндылығынан жас әскерилерге жан-жақты түсінік берді. Басымдық берілген тұстар талданып, осы басты құжаттың ҚР-ның әрбір азаматы үшін аса құнды екені тілге тиек етілді. "Қиын-қыстау кезеңде елдік тұғырды сақтап қалуға әрбіріміз міндеттіміз. Сарабдал саясаткер, ұлт көшбасшысы жария еткен тың жоспарлардың жүйелі жүзеге асуы жұдырықтай жұмылуды талап етеді" деген реуішті пікірлер айтылды. Бөлім қызметкерлері де ел игілігін қамдауды көздейтін Жолдауды қолдап, оның оңды орындалуына тиісті үлестерін қосуға қашанда даяр екендіктерін білдірді.