«Соколов» шахтасына – 40 жыл

Соколов шахтасы дегенде ең алдымен шахтер қауымының ерен еңбегі, олардың сыртқа шығарған тау-тау кені көз алдыңызға келері хақ. Рудныйдың іргетасы қалана бастаған сонау 50-жылдардың аяғынан-ақ осы бір өндірісті өлкеге тән өнегелі дәстүр екпінді еңбек болған еді. Сол дәстүр еліміздің егемендік алған жылдарда да жанды жалғасын тауып отырғандығы қуантады.IMG_4520
Соколов кеніші өзінің қалыптасу, даму және өркендеу кезеңінде шын мәнісінде еңбек рекордтарының мекені болды. Бастапқы қуаттылығы жылына 2,5 млн тонна болған шахта осы уақытқа дейін 80 млн тонна кен өндірді. Қазір өндіріске енгізілген жаңа техника мен технологияның арқасында еңбек өнімділігі 2 есеге артып отыр. 2000 жылы кенді игерудің бірінші кезеңі аяқталып, «Соколов» шахтасы дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты.IMG_4501
– Қазіргі уақытта 90, 260 және 330 горизонттарда жұмыстар жүріп жатыр. Мұнда 48 миллион тонна кен қалды. Бұрын проходчик айына 40-45 метр қазатын болса, қазір өздігінен жүретін техникамен бұл көрсеткішті 120 метрге дейін жеткізуге мүмкіндік туды. Яғни өнімнің көлемі мен еңбек өнімділігі артты, – дейді «ССКӨБ» АҚ «Соколов» шахтасының техникалық бөлім басшысы Александр Мыслицкий.
Шахтаны болашақта тиімді пайдалану үшін жаңа горизонттарды игеру жоспарда бар. Олар – 400-ші, 470-ші және 540-шы горизонттар. Алдын ала есеп бойынша, бұл жердің қойнауындағы темір кенінің қоры кем дегенде 170 миллион тоннаны құрайды.
«ССКӨБ» АҚ президенті Береке Мұхаметқалиев алдағы уақытта кенді игерудің жер асты әдістеріне зор көңіл бөлінетіндігін айтқан болатын. Себебі, шахтаның болашақта бір ғана бөлімше емес, жалпы комбинат пен қала экономикасының дамуына қосар үлесі зор.IMG_4521
Бүгінде шахтада жер астында 800-ден астам адам жұмыс істейді. Аса қауіпті, әрі жауапты мамандық болғандығына қарамастан оқу бітірген жастардың шахтаға деген қызығушылығы басым. Қажырлы еңбек, мол өнім шығаруға ұмтылыс жолындағы рудныйлық шахтерлардың қалыпты еңбек дəстүрінің осылайша келер күнмен сабақтасып отырғаны болашаққа деген нық сенім ұялатады.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓