САНДА БАР, САНАТТА ЖОҚ   облыста 900 млн.теңге жуық қаржы игерілмеген

          Қаржы дағдарысы етектен алды десек те , өңірде құрылыс қарқыны еш бәсеңдеген емес.  Оған  республикалық және облыстық бюджеттен тиісінше  миллиондаған ақша бөлініп жатыр. Бірақ, сол қаржыны уақытында игеруге келгенде кейбір жекеменшік кәсіпорындар кежегесінен кейін тартады. Облыс әкімінің орынбасары Роза Кемалованың айтуынша, өткен жылы облыс  888,7 млн.теңгені игере алмаған. Мұның жартысына жуығы, яғни 425,9 млн.теңгесі несие және республикалық трансфер арқылы бөлінген ақша, қалғаны жергілікті қазаның қаржысы.игерилмеген
           Бұған көптеген құрылыс және жөндеу нысандарының өз жұмыстарын уақытылы аяқтай алмауы себеп. Мәселен, мердігерлер Федоров ауданындағы су құбырын тарту жұмыстарына бөлінген 230 млн.теңгені игерген жоқ.
           Ал, Қостанайдағы Мирошниченко көшесінде бой көтерген тұрғын үйдің 15 млн.теңгесі, №3 мектеп ауданындағы көпқабатты үйдің құрылысы 34,4 млн.теңге, «Әуежай» ауданына инженерлік-коммуникациялық жүйе тартуға бөлінген ақшаның 29,2 млн.теңгесі, онкологиялық диспансер емханасының құрылысына бөлінген 79,4 млн.теңге, «Дружба» ауылына тартылған инженерлік-коммуникация жұмыстарына тиісті 9,6 млн.теңге қаржы игерілмепті.
         Бұл бірер ғана мысал. Айтпақшы, үнемделген 137,3 млн.теңге де осы игерілмей қалған қажының есібіне кіреді.
        -2016 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметтерге сәйкес, қазынада  өткен жылдан қалған 2,6 млрд.теңге бар. Оның 504,8 млн.теңгесі облыс бюджетінен алынған,-деді облыс әкімінің орынбасары.
         Жалпы, облыс бюджетінің барлық шығыны 163 млрд.461,3 млн.теңгеге тең. Бұл жылдық жоспардың 99,5%-ке орындалғанын көрсетеді.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓