Жарайсың, Майя!
Майя Орналы – Меңдіқара ауданындағы Ғ. Жұмабаев атындағы Боровской орта мектебінің 6 сынып оқушысы. Көркемсөз оқудан әр деңгейдегі сайыстардың жеңімпазы.
Жуырда оқушыларды шешендік пен ақындық өнерге баулитын республикалық "Ақберен" балалар байқауына қатысып қайт-ты. Байқауда "Жетім қыздың монологы" атты шығарма оқып, бас жүлдені жеңіп алды. Қазылар алқасының мүшелері мемлекет қайраткері, ғалым М. Жолдасбеков, айтыскер ақын А. Әлтаев өздерінің көптомдық шығармаларын тарту етті. Ал, ұйымдастырушылар республикалық "Балдәурен" жазғы сауықтыру лагеріне тегін жолдама табыс етті.