“Менің жетістігім – тәуелсіздігімнің жетістігі”

 Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде "НұрОтан" партиясы Арқалық қалалық филиалының "ЖасОтан" жастар қанатының ұйымдастыруымен тағылымды кеш өткізілді.  DSCF3135
 Кеште Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшесі, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жәнібек Ғапбасұлы, "НұрОтан" партиясы қалалық филиалының кеңесшісі Берік Ғабдуллиндер сөз сөйледі.DSCF3134
 Колледж шәкірттері, "ЖасОтан" жастар қанатының мүшелері сөз алып, ел егемендігінің арқасында өздерінің жарқын болашаққа қадам басып жатқанын тілге тиек етті. Экраннан желтоқсан көтерілісінің көріністері көрсетіліп, студенттер көркемсөз оқыды. Ән мен жырға да кезек берілді.DSCF3142
 – Бұл шара "НұрОтан" партиясының қаламыздағы филиалының қолдауымен өтіп отыр. Мақсатымыз жастарға тәуелсіздіктің қадір – қасиетін түсіндіріп, ана тіліміздің қолданылу аясын кеңейту,- дейді жастар көшбасшысы Берік Дәулеткерейұлы.
 
Мұрат Жүнісұлы,
                                                                                    Арқалық қаласы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓