Жалған полицей жазасын алады

Лисаковтық 32 жастағы Әсет Жанбековке жалған полицей атын жамылып, өзін құрбандарына лақап лауазыммен таныстыра жүріп, ұрлық-қарлық,  алаяқтық жасап келген деген айып тағылған болатын. Іс бүгін №2 Қостанай қалалық сотында қаралды. Ол бұл заңсыз әрекетті былтыр тамыз-қыркүйек айлары аралығында жүзеге асырған. типа копҚостанайлықтарды қулық жолмен қалтасын қалтасын қағып, жалпы сомасы 500 млн. теңге көлемінде шығынға ұшыратқаны белгілі болған-ды. Енді Ә.Жәнібековке Лисаков қаласында да осындай алаяқтық әрекеттер жасады деген айып тағылып отыр. Ол мұндай қылмысты 2015 жылы жаз бойы жасап келген. Тұрғындарға өзін тәртіп сақшысы ретінде таныстырып, олардың сеніміне кіре отырып, ақшаларын жымқырып, бағалы бұйымдары мен ұялы телефондарын қолды еткен. Тіпті азық-түлік, киім-кешектерін ұрлап, оқиға орнынан дереу із суытып үлгеріп жүріпті. Осылайша, ол, бас-аяғы, сегіз адамды сан соқтырып, жалпы құны 220 мың теңгеге шығынға соқтырған.
Сот отырысында қылмыскер өз кінәсін толық мойындады. Ол 2 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылады және барлық дүние-мүлкі тәркіленеді. Жазасын жалпы тәртіптегі мекемеде өтемек.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓