“Халықаралық қарттар күні құтты болсын!”
1 қазан күні аталып өтілетін Халықаралық қарттар күні – аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдірілетін күн. Үлкенді сыйлап, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз.
Құрметті аға ұрпақ өкілдері, Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыз біз үшін өте қымбат. Сіздер айналаңызға адамгершілік, мейірімділік, адалдық қасиеттерін таратып, Отанға, туған елге деген сүйіспеншілік сезімін ұялатасыздар. Әрқайсыларыңыздың қоғамымыздың өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз мол. Біздің парызымыз – Сіздерді тек мерекелерде ғана емес, әр күні қамқорлыққа алып, көмек көрсету.
Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, мықты денсаулық, отбасыларыңызға береке-бірлік, көтеріңкі көңіл-күй, ұзақ ғұмыр, мейірім мен ашық аспан тілеймін! Бала- шағаларыңыздың қызықтарына тоймай, ортасында өмір кешулеріңізге тілектеспін.
Қостанай облысының прокуроры М.Қайбжанов