“Жәрмеңкенің арқасында жұмыс таптым”

дейді үшінші топтағы мүгедек Мұрат Дінкенов Жатып ішерлікті ар санайтын ол жұмысқа жарамсыз екенмін деп, ешкімге масыл болғысы келмейді. Осыған дейін теміржолда ұзақ жыл бойы еңбек етіп келген отағасы аяқастынан ауыр дертке шалдығып, бірнеше рет пышаққа ілі-ніп, ақыр соңында үшінші топтағы мүгедек атанады.
DSC05681
Денсаулығына байланысты жұмыстан шығуына да тура келді. Бірақ, өмір бойы жұмыс істеп үйреніп қалған адамға төрт қабырғаға телміріп қарап отыру да оңай емес. Мұрат та денсаулығына салмақ түсір-мейтіндей өзіне лайықты жұмыс іздегенмен, бірақ еш жерден екі қолға бір күрек таба алмады. Үстіміздегі жылдың ақпан айында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұйымдастырған жәрмеңкеден ақы-ры ол өзіне лайықты кәсіпті тауып, бүгінде аудан орталығындағы "Автомобилист" спорт кешенінде күзетші болып еңбек етуде. – Ауыр жұмыстарға жарамсыз болғаныммен, аяқ-қолым сау ғой, сондықтан босқа үйде отырғанша аз да болса табыс тауып, отбасымды асырауға өз сеп-тігімді тигізгім келді. Қазір мүгедек адам түгілі, сау адамға да жұмыс табу оңай емес. Мүгедектігіңді көрсе-тіп, өзіңе лайық жұмыс сұрасаң, ешқандай мекеме жұмысқа алғысы келмейді. Елбасымыз биылғы Жолдауында біз сияқты мүгедек жандардың жұмыспен қамтылуына ерекше көңіл бөліп, қамқорлық танытқан еді. Кез келген кембағал жан еңбек етіп, өз отбасын асырауы өз алдына, мемлекетке де аз да болса өз үлесін қосқысы келеді ғой. Сондықтан, мүмкіндігі шектеулі жандар да көптеп еңбекке тартылса екен деймін, сонда олар да өздерін қоғамға пайдалы екендіктерін сезінер еді, – дейді Мұрат Дінкенов.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓