18-дегі жігіт 15-ші “көлігімен” ұсталды
Қостанай облысының полицейлері көлік ұрлаған 18 жастағы Аманқарағай ауылының тұрғынын қолға түсірді. Тергеу барысында қылмыскердің бұдан өзге 15 көлікті ұрлағаны белгілі болды, деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі. 2 мамыр күні таңғы сағат 6-лар шамасында №154-ші автобақылау сақшылары Берік Шаңтеміров пен Самат Есжанов республикалық маңызы бар тас жолда қара түсті «Ауди 80» көлігін байқап, жол шетіне тоқтауды бұйырады. Алайда, көлік иесі бұйрыққа бағынбай, Әулиекөл ауданына қарай қозғалысын жалғастырған.
Тәртіп сақшылары күдікті көліктің ізіне түсіп, №155-ші автобақылау бөлімінің сақшыларын көмекке шақырады.
Көлікте екі адам болған. Бұйрыққа бағынбаған жүргізуші қашып құтылмасын түсініп, жүріп келе жатқан көліктен екеуі бірдей секіріп түседі. Іле-шала орман ішіне бой тасалайды. Иесіз қалған қара көлік жол шетінде тұрған жүк көлігіне барып соғылады.
Тәртіп сақшылар қылмыскерді жаяу қуып жетіп, қолға түсірген. Оқиға орнына келген Әуликөл аудандық полицейлері күдіктінің бұрындары да осындай қылмыс жасағанын хабарлады. Ол кәмілеттік жасқа толмай тұрып, 14 көлік ұрлаған екен.
-Сотқа дейінгі тергеуде белгілі болғандай, қылмыскер 18 жаста. Ол 1-мамыр мерекесін атап өтпек болып, Қостанай қаласына келген. Бұзақылар мереке күні таңға жуық 8-шағын ауданындағы тұрақта тұрған көлікті ұрлайды. Автокөлікте дабыл желісі іске қосылмаған. Есікті бұзып ашып, Әуликөл ауданына қашқан,-дейді ІІД баспасөз қызметі.
Күдікті 18 жасқа толғандықтан қылмыстық жауапкершілікке тартылады.