Сот ананың құқығын қорғады
Облыстық соттың баспасөз қызметі мәлімдегендей, Қостанай қалалық соты азаматша Г.Істепбергенованың “Қостанай қаласы мектеп-бақша гимназиясы” мекемесінен моральдық шығынды өндіру туралы шағымы бойынша азаматтық істі қарады. Іс материалдары бойынша, талапкердің 2013 жылы туған қызы аталған балабақшаға 2015 жылдың қаңтарынан бастап барған. 21 қазанда балаларды қараусыз қалдырған 1 “а” кіші топ тәрбиешісінің кінәсінен бала жазатайым оқиғаға ұшыраған.
Екі жасар қыз бала есікке қолын қысып алып жарақаттанып, оң қолының екінші саусағының тырнақ басын кесіп тастау диагнозымен Қостанай облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Сол күні балаға ота жасалған. Сонымен қатар ол психологиялық жарақат алған. Бүгінде жарақат ауыртпалығын сезінуімен қатар екі жасар баланың түн ұйқысы бұзылып, түнімелік шошып оянатын болған.
Сот отырысы барысында балабақша тәрбиешісінің қауіпсіздік техникасын және мектепке дейінгі ұйымдарда балалар өмірі мен денсаулығын қорғау ережесін бұзып, өз міндетін тиісті деңгейде орындамағаны белгілі болды. Жазатайым жайттан кейін тәрбиеші өз еркімен жұмыстан шығып кеткен.
Сот шешім шығаруда әділдік пен жеткіліктілік қағидаттарын ұстанып, Г.Істепбергенованың “Қостанай қаласы мектеп-бақша гимназиясы” жеке мекемесінен моральдық шығынды өндіру туралы талап шағымын ішінара қанағаттандырып, жауапкерден талапкер пайдасына 100 мың теңге көлемінде моральдық шығын өндіруге шешім шығарды.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қарлығаш ОСПАНОВА