Білім бәйгесінде бақтары жанды

5-7 қаңтарда Қостанай қаласында жалпы білім беретін мектептер арасында өткен олимпиадада Сарыкөл ауданынан барған дарынды оқушылар олжамен оралды.олимпиада
Бұл облыстық білім жарысына бар-жоғы сегіз бала қатысқан болатын. Олар мемлекеттік тілде және орыс тілінде оқытатын мектеп оқушылары. Қазақ тілі мен биология пәндері бойынша бақтарын сынады.
Атап айтсақ, жүлделі орындарды Аружан Қалиева – Б.Өтетілеуов орта мектебі (1-орын), Эльзара Бирюкова – Севастопол орта мектебі (1-орын), Айжан Кенжегулова – Ново-Урицк орта мектебі (2-орын) және Александра Афанасова – Краснодон орта мектебі (3-орын) сынды оқушылар иеленді.
Білім бәйгесінде бақтары жанып, бірінші орынды жеңіп алғандары алдағы уақытта республикалық додадаға түспек. Ал, сарыкөлдік мұғалімдер болса, талантты оқушыларының ол сында да сүрінбей өтіп, жүлделі орындарды олжалайтынына бек сенімді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓