Мемлекеттік марапат иегерлері

Жанкелдин ауданының  әкімі Асқарбек Кенжеғарин “Ерен еңбегі үшін” медалінің иегері, жеке кәсіпкер Болат Қосқолов пен “Шапағат” медалінің иегері, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің аға жаттықтырушысы Әділбек Молдағасымовты қабылдады.IMG_2552
Кездесу барысында өңір басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде әңгіме өрбітті. Сондай-ақ, жолдарды жаз және қыз мезгілдерінде күтіп ұстау тұрғысында жеке кәсіпкер Болат Молдахалықұлының еңбегі зор екендігін атап өтті. Өзіне міндеттелген жауапкершілікті жауыр қылмайтын кәсіпкер аудан экономикасының өркендеуіне сүбелі үлес қосып келеді. Ал “Шапағат” медалінің иегері Әділбек Әлімжанұлының аудан спортын дамыту жолындағы еңбегі жемісті. Қазақ күресін кеңінен насихаттап жүрген жаттықтырушы. Спорт шеберлерін дайындап, республикаға танытқан Әділбек ағамыздың шәкірттерінің санында шек жоқ. Осы орайда аудан басшысы Асқарбек Ахметбекұлы аудан абыройын асқақтататын әлі де талай спорт майталмандарының шығатындығына сенім мол екенін айтты.
Мемлекеттік марапат иегерлері аудан әкімдігі мен аудан жұртшылығына ризашылығын жеткізіп, алдағы уақытта ауданның әлеуметтік-экономикалық ахуалын арттырып, бұқаралық спорт түрін дамытамыз деп сенім білдірді.
 
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ,
Жанкелдин ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓