Үздік қақпашы атанды

Қостанайлық тәртіп сақшысы Андрей Горвард шағын футбол турнирінде үздік қақпашы деп танылды.
қақпа 1Ол Сәкен Кенетаевты еске алуға арналған халықаралық доп додасында облыс құрамасы сапында өнер көрсеткен еді. Жерлестеріміз жарыстың өткен жылғы чемпиондары- «Сайран» командасын жеңіп, ақтық сында ақтаулық аяқ-доп шеберлеріне есе жіберіп алды. Айта кетуіміз керек, С.Кенетаевты еске алуға арналған халықаралық турнирге барлығы сегіз команда қатысты. Олардың арасында Ресейдің Қорған облысынан келген футболшылар да бар.
 
Әлібек Ыбырай

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓