«Киелі ақ орамал»
Осындай атаумен Жангелдин ауданында аудандық «Аналар кеңесі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жас келіндер арасындағы байқау өз мәресіне жетті.
Байқау «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналды. Аталмыш шараға 10 үміткер қатысып, киелі орамалдың құндылықтарын насихаттады.
Байқау жас келіндерге ақ орамалдың қадір қасиетін ұғындыруы үшін ұйымдастырылса керек. Онлайн түрде өткен байқауға «Аналар кеңесі» ҚБ – нің «Instagram» парақшасына байқаудың шарттары жарияланды. Үміткерлерді «лайк» арқылы бағалау әлеуметтік желі оқырмандарының еншісіне бұйырды. Сол арқылы байқау жеңімпаздары анықталды. Бас жүлдені Рабиға Нұрмағанбетова жеңіп алды. Жеңімпазға «Шәйкөрпе» сыйға тартты. Бірінші орынды Гүлбақыт Нәкенова және екінші орынды Гүлдана Нүркей иеленді. Олардың бірі «Шоколодқа» арналған құрылғымен, екіншісі «Фужерге» қол жеткізді. Үшінші орынды Балым Садуақасованың меншігіне қалдырып, ақшалай сыйлық табысталды. Көршілес Амангелді ауданының тұрғыны Анар Аяпбергенова, Ақмарал Мәлікова, Алтынгүл Көшімбек, Айнұрым Файзуллақызы, Ақгүл Кәдірханава ынталандыру сыйлықтарымен және алғыс хаттармен марапатталды.
Шара қатысушылары ұлттық дәстүріміз бен салтымызды насихаттайтын шаралар көбірек ұйымдастырылса игі деген тілектерін білдірді.
Әсел ҚИБАШ