«Бақытты отбасы»

Қостанай облысында 8-13 қыркүйек отбасыны қолдауға арналып отыр. Бір аптаның ішінде көп балалы, аз қамтылған отбасыларға кәсіби-психологиялық көмек беру жоспарланған. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы ҚОФ-дағы баспасөз-конференцияда айтылды.
IMG_8036«Нұр Отан» партиясының әлеуметтік маңызы зор он екі жобасы бар.  Соның бірі әрі бірегейі-«Бақытты отбасы» жобасы. Оның негізгі мақсаты-отбасы институтын нығайту, отбасы құндылықтарын дәріптеу. Аталмыш республикалық жобаның аясында облысымызда 8-13 қыркүйек отбасыны қолдауға арналып отыр. Осы уақыт аралығында спорттық сайыстар, гала-концерт сияқты түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. 14 қыркүйекте қаламыздағы сегіз мектепте бірыңғай ата-аналар жиналысы өтеді. Шараға оқушылар, ата-аналар және психолог-заңгерлер қатыспақ.
Бақытты Отбасы_0Баспасөз-конференцияның соңында «Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлия Сапарова мен  облыстық Отбасылық тәрбие институтының төрайымы Лилия Саркисян «Бақытты отбасы» партиялық жобасын бірлесе жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойды.
 
Қымбат Досжанова
Cуретті түсірген Айбек Жүзбай

 

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓