Көк сандықтың күмбірі
Жаңа маусымда "Қазақстан-Қостанай" арнасында эфирге шыққан "Тартылыс күші" және "36.6" денсаулық тележурналы бағдарламалары осы уақыт аралығында талай тақырыпты көтерді. Қос бағдарламаның атына таң қалысып жататын жәйіттерде кездесіп жатты көрермендер тарапынан.
Сол себепті нақты айтсақ "Тартылыс күші" – бұл Қостанай облысындағы ғалымдардың ашқан жаңалықтарын халыққа паш ету. Түсірілім барысында ғалымдарымыздың қызықты да, таң қалатындай жаңалықтары көп болды. Бағдарламаның бетін ашқан Асқар Нәметов – ветеринария ғылымдарының докторы. "Тартылыс күші" бағдарламасы түрлі тақырыптарды қамтып, жыл бойы ғалымдардың, магистранттардың сонымен қатар студенттердің де ғылыми жұмыстарына тоқталып көгілдір экран арқылы көрермен назарына ұсынды. "Бірінші байлық – денсаулық" – дегендей халық арасында түрлі аурулардың алдын алуға пайдалы кеңестер беретін "36.6" денсаулық тележурналы жыл бойы экран бетінде болды. Бағдарлама барысында бізге хабарласып жан дауасын іздеген жандар да кездесті. Оларды біздің тележурнал дәрігерлермен байланыстырып, игі істердің куәгері болдық. Алдағы жаз мезгілінде жеміс-жидектен, сонымен қатар суға шомылғанда жұғатын аурулардың алдын алу шараларымен таныстырып, қызықты хабарлар бермекпіз.
Қымбат ШҰҒАЙЫП,
"Қазақстан-Қостанай" телеарнасының редакторы.