Айта бергім келеді…
… Қазір бізде ақша тапшы, бәріне жетпей жатыр. Сондықтан мемлекеттің әр тиынын есептеп, үнемдеуіміз керек…
Көндік. Дәлірек айтсақ, сеніп жүрміз осыған.
Бірақ, Қостанайда қаланың қақ ортасында құны бес мілион теңгенің сырғанағы тұрғызылды деп жүр бәрі. «Көп айтты – көндіні» "жетектегенім" емес, дегенмен жел тұрды ғой, шөптің басы қимылдағанына қарағанда. Рас шығар. Маңыздысы – сырғанақ шіркінді соншама қаржыға салғызғанымызда. Теңгенің "ноқтасын сыпырып" қоя бердік. Бөрідей білдірмей де жүрміз арықтығымызды. Айтпайын дейсің, сонда да ішің күйеді мынадайға.
Біріншіден, бес емес, екі(-ақ) мілионға бәлен жылдық бақыт сыйлаған батыр-бабаларымыздың ескерткішін салар едім. Ал, Олар Қостанайдың төрінде уақытша сырғанақтың орнында қасқайып тұрса болар еді, ә!
Екіншіден, бе-е-е-с мілион дегенің қаншама жетім балалардың, жарлы-жақыбайлардың жыртығын жамайды.
Үшіншіден… төртіншіден… бес… . Ол ақшаны бірнеше пайдалы бастамаларға жаратуға болады.
Мүмкін, "қолында тұрғанда басқаша сайрайтын еді бұл қасқаң" дерсіз. Жоқ, себебі, сырғанақ үшін кеткен мына қаражат қарапайым бұқара үшін өте көп. Бәлкім, жұмылдырылған техникалар мен асай-мүсейлерге шығын жұмсалған шығар. Бірақ, мұз – барлық жерде сол мұз. Өзеннен ойып, оны тасу үшін бес мілион теңге артық деп ойлаймын.
«Әр нәрсеге жармасты, біздің мына албасты» депті ғой біреу. Сонда да, қарсымын…
Негізі, БЕС мілионның мұзында сырғанап жүрген менде, … арман жоқ-ау!
Жұман Серғазин
Кеше ғана баламды апарып сол алтыннан жасалған сырғанақта ойнатқыздым. Өте ұнады демек, ауылда мектепте оқып жүргенде, достарыммен бірге осы сырғанақтан кем емес сырғанақ 5 тиынға салып жүрдік.
масқара ғой! көзді жұмып қойып бұлай истегендер! 5000000 деген қаншама тенге? көп нарсе пайдалы нарсе истеуге болад. Биік сырганак Кгудағы. Құласа жарақат көп аласын. Одан да 1 милионға сала салмады ма?!
Бай байға, сай сайға құяды. Қаншалықты бай екенін білмеймін бірақ еріген кезде сайға ма қырға ма бір жерге құяры анық. "Алтын сырғанақты астықты алқап".Соншама неге қымбат-болса болады. Немене Астанадағы сыған аялдамалары құрлы жоқ па еді?..
Астананың аты – Астана. Аялдама да, сырғанақ та сығандар үшін арналмаған. Қателеспеңіз!
Қателесіп тұрған жоқпын.Іс жүзінде соншама қаржыға салынған аялдамалардан шықпай оған түнеп те жататын кімдер екенін оқымақ түгіл көрдім, ал астанамыздың -Астана екені тарихи шындық.Сырғанақ болса Қостанайдағы алтын сырғанақ. Және бұл жайлы сөз қозғаған да мен емес. Орнымен шамданыңыз.