Қостанайдың бұрынғы әкімі мен оның орынбасарларына қатысты қылмыстық іс сотқа жетті

Бұл мәлімет ҚазАқпаратта жарияланды.  Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына және №2 Қостанай қалалық сотына қаланың бұрынғы әкімі Ахмедбек Ахметжанов пен оның екі орынбасары, бірнеше кәсіпкер мен қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысына қатысты қылмыстық іс түсті. Бұл туралы Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметінен хабарлады. сот
Қостанайдың бұрынғы әкіміне қатысты іс қылмыстық сотта қаралады. 
Қостанай қаласының экс-әкімі Ахмедбек Ахметжановқа пара алу, қызметтік бабын асыра пайдалану, заңды кәсіби қызметке кедергі келтіру, делдал арқылы пара алу сияқты айыптар тағылды. 
Қостанай әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Қалиевке делдал арқылы пара алды, өзінің қызметтік бабын пайдаланып бірнеше рет пара алды деген айыптар тағылды. 
Кәсіпкер Леонид Васильевке алдын ала келісім бойынша бір топ адаммен аса ірі көлемде алаяқтық жасады, пара беруге үгіттеді, пара беруге делдалдылық жасады, қызметтік бабын асыра пайдалануға ықпалдасты, жауапты мемлекеттік қызметтегі тұлғаға делдал арқылы пара берді, мемлекеттік сатып алулар саласында ірі көлемде өзгенің мүлкіне қол салды деген айыптар тағылды. 
Кәсіпкер Сергей Биктибаевті алдын ала келісім бойынша бір топ адаммен аса ірі көлемде алаяқтық жасады, пара беруге үгіттеп, пара беруге делдалдылық жасады, қызметтік бабын асыра пайдалануға ықпалдасты, жауапты мемлекеттік қызметтегі тұлғаға делдал арқылы пара берді, аса ірі көлемдегі мемлекеттік сатып алулар саласында алаяқтық жасады деп айыптап отыр. 
«Сыл» ЖШС директоры Гагик Овнанянға бірнеше рет пара берді және жауапты мемлекеттік қызметтегі тұлғаға делдал арқылы аса ірі көлемде пара берді, сонымен қатар бюджетке салық төлеуден жалтарды деген айыптар тағылды. 
Қостанай қалалық №2 сотына пара алды деп айыпталып отырған қала әкімінің бұрынғы орынбасары Фрунзик Аракелянға және пара алды деп айыпталған Қостанай әкімдігі ТКШ бөлімінің бұрынғы басшысы Жеңіс Шинкинге, сонымен қатар сеніп тапсырылған мүлікті иелену немесе тарату жөніндегі қылмыстық бап бойынша айыпталған «СМУ-2010» ЖШС директоры Александр Бобровныйға қатысты қылмыстық іс түсті. 
Облыстық соттың баспасөз қызметі аталған қылмыстық іс сотта жақын арада қаралатынын хабарлады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓