Раушанның сырлы әлемі

Кішкентайынан қолына қағаз бен қарындаш алып, сурет салуды өзіне серік еткен қаншама талантты суретші бар. Суретші – қиялыңызға еркіндік беретін жан, өміріңізге сұлулық сыйлайтын адам. Иә, қылқаламды өзіне серік еткен өнер иелеріне дәл осылай анықтама береді екен. Суретшілік –  үлкен өнер, барлық адамның бойына дари бермейтін қабілет. Осындай жас дарын иелерінің бірі Раушан Мұратбекқызымен сұқбат өткізген едік.96178f68-c8d3-4131-949d-785e6ca479a7
         -Әуелі өзіңізді оқырмандарға таныстыра кетсеңіз дейміз.
-Мен Айболова Раушанмын. Жасым 18-де. Қостанай құрылыс колледжінің 4-курс студентімін. Дизайнер-интерьер мамандығы бойынша білім алудамын. Енді 1 айдан кейін қолыма диплом аламын.
         -Раушан, сіздің салған суреттеріңізді көрдім. Өте әдемі екен. Сурет салуға деген қызығушылығыңыз қай уақытта басталды?
– Мен бала кезімнен бастап сурет салу, тігін тігу сияқты істермен айналысқанды жақсы көремін. Алғашқы уақытта салған суреттерімнің көбі жеміс-жидек, табиғат тақырыбында болды. Кейін күрделі суреттерді сала бастадым. Сурет салуға деген қызығушылығым 8-9 жасымда оянды. Сол кезден сурет сала бастадым. Бас кездегі суреттерімнің көбі әдемі болды деп айта алмаймын (күлді). Бірақ уақыт өте келе үйрендім. Қолым да сурет салуға бейімделе бастады. Уақыт өткен сайын әр түрлі тақырыптардағы суреттерді сала бастадым. Қызығушылығым да арта түсті.a0e9ec42-3dbc-4d46-a5fa-fe10d19df5af
         – Бәрімізге белгілі ақын-жазушылар да, суретшілер де туындыларын жасамас бұрын көп жағдайда шабыт іздейді. Көбіне шабытты өмірден, табиғаттан, адамдардан да алып жатады. Ал сіз шабытты қайдан аласыз, ол үнемі сізбен бірге ме?
– Негізі, үнемі шабыт үстінде жүремін деп айту қиын. Мамандығым да сурет салумен байланысты болғандықтан, көп жағдайда арнайы берілген тапсырмалар болады, соны орындау үшін шабыт болмаса да тырысамыз енді (күлді). Бірақ көбіне сурет салу үшін идеяларды инстаграм парақшалардан, ютуб каналдардан аламын. Онда арнайы сурет салуға қатысты көптеген қызықты бейнетаспаларды қараймын. Кейін сол арқылы шабыттанамын.81003911-4ed4-4d3a-8dd4-5c072dea1e1a
         – Керемет! Сіздің өнеріңізге қызығатын жандар көп пе? Достарыңыз бен туыстарыңыздан «Менің портретімді салып берші» деген өтінішті жиі естисіз бе?
– Иә,«қалай жақсы саласың, мен де осылай сала алсам ғой» дейтіндер бар. Менің өнеріме қызығушылық танытқандары, бағалайтындары үшін қуанамын. Портреттерін салып көрген кездерім болды. Бірақ көп жағдайда басқа тақырыптағы суреттерді салып беремін. Көбіне сыйлық ретінде тарту етемін.
58422b20-812f-4099-aefb-7f30f578e2f9
81bdd9ff-3801-42cd-9fb3-90224cedca7c9277b162-70ea-4f54-8fa5-76e8da3fcf3efbca3476-ef02-45b6-865d-36be65964f17– Болашақта өзіңіздің көрмеңізді ашқыңыз келе ме?
– Әзірге ол жағын ойлап көрмеппін. Бірақ ондай мүмкіндігім болып жатса, неге ашпасқа?!
         – Сурет салудан басқа қандай қызығушылықтарыңыз бар?
– Тігін тігетінім бар. Визажист мамандығына да қызығамын. Құрбыларыма шаш үлгілерін жасап, бояндырған ұнайды.
         – Болашаққа қандай мақсат қойдыңыз? Мақсаттарыңыз осы өнеріңізбен байланысты ма?
– Әзірге оқуымды аяқтап, ЖОО-на түсуді қалаймын. Мамандығым бойынша жұмыс істесем деймін. Түрлі курстарға қатысып, біліктілігімді артттыру ойда бар.
         – Армандарыңыздың орындалуын тілеймін! Уақыт бөліп, сұқбаттасқаныңызға рақмет!
 
Сұқбаттасқан: Назерке ДҮКЕНБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓