Күлкі – көңілдің кілті

Жанкелдин ауданындағы Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде Жастар бастамалар орталығының ұйымдастыруымен қазақ хандығының 550 жылдығына арналған “Жайдарман” жастар әзілкештер мен тапқырлар сайысы өтті.IMG_2712
Бұл кешке барлығы бес команда қатысты. Әділ қазылар алқасының құрамында республикалық жоғарғы лигаларда ойын көрсеткен Нұрбек Көбеков, облыстық жайдарманшылар командасының белді мүшесі Алмас Нұрлан командалардың өнеріне әділ бағаларын беріп отырды.
Үш бөлімнен тұратын сайыста тамаша тапқырлықтарымен ерекшеленген командалар “бес жаңалық” бөлімінде залда отырғандардың жүзіне күлкі ұялатты. Ал үй тапсырмасы көңілді көріністе қыздар құрама командасы өнер сүйер талғампаз қауымның талғамына сай болды. Езулері күлкіден бір жиылмаған көрермендер ыстық ықыластарын дамылсыз соққан шапалақтарымен білдірді. “Таныстыру” кезеңінде барлық команда мүшелері өздерінің пародиялық, актерлік қабілеттерімен таңқалдырды.IMG_2719
Әділ қазылар алқасының шешімімен 1-орынды Н.Иванов атындағы орыс мектебінің “Иванов” жайдарман тобы жеңіп алды. 2 – орынды Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің “Жалын” командсы иеленді.            3-орынды  “Балдырған” балабақшасы мен телекоммуникациялар торабынан құрылған “Көршілер” қыздар құрама командасы иемденді. Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің “Ыбырай” жастар командасы мен аудандық аурухананың “Квартет” командасы “Үздік ойыншы” номинациясы. Қанағат тұтты. Сайысқа қатысқан барлық командалар алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.IMG_2724
Аудан әкімінің орынбасары Түбекбай Әубәкіров өнер сайысы жоғарғы деңгейде әрі әділ өткендігін айта келіп, аудан өңірінің қоғамдық жұмыстарына белсене аралысып, ат салысып жүрген еңбекқор жастарға аудан әкімінің алғыс хаттарын табыс етті.IMG_2749
 
                                                                Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ
                                                                        Жанкелдин ауданы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓