Қаңтар айында елімізде ауа райы қандай болады?

погода"Қазгидромет" мамандары 2016 жылы қаңтарда Қазақстанда ауа райының қандай болатынын болжады. Мамандардың айтуынша, қаңтар айында Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында ауа температурасы нормаға сай болады, ал қалған облыстарда нормадан 1 градусқа төмен болады.
Сонымен қатар, Батыс Қазақстан, Атырау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жауын-шашынның түсу көлемі нормадан төмен болады. Өз кезегінде Қостанай облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола облысының кей жерлерінде және Қарағанды облысының кей аудандарында, сонымен қатар, оңтүстік, оңтүстік-шығыс пен шығыстағы таулы және тау етегіндегі аудандарда жауын-шашын көлемі нормадан жоғары болады. Ал қалған өңірлерде жауын-шашын нормаға сай түседі.
Синоптиктердің мәліметінше, қаңтар айының басында солтүстік бөліктің ауа райына арктикалық антициклон ықпал етіп, түнде ауа температурасы 25-33 градусқа дейін төмендейді, күндіз 20-25 градус аяз болады, ал оңтүстік бөлікке – Оңтүстік-Каспий циклоны. Бұл өңірлерде ауа райы бұзылады: жауын-шашын, түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады, кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетіп, түнде 0-5, күндіз 3-10 градус жылы болады.
Жаңа 2016 жылдың жұмыс аптасы басталғанда республика аумағы суық арктикалық антициклонның ықпалында болады деп күтіліп отыр, осыған байланысты ауа температурасы төмендеп, қаңтардың бірінші онкүндігінің соңында қатты аяз болады: солтүстікте түнде 33-38, күндіз 25-30 градус аяз болады, ал оңтүстікте түнде 13-23, күндіз 8-13 градус суық болады. Қаңтардың ортасында аяздың беті қайтады. Оған оңтүстік циклон себепші болып, тұрақсыз ауа райын өзімен бірге алып келеді деген болжам бар. "Суықтың тағы бір толқыны екінші онкүндіктің соңында басталып, айдың үшінші онкүндігінде сақталады", – деп хабарлады "Қазгидромет" мамандары. Сонымен қатар, ведомство өкілдері қаңтардың екінші жартысына жасалған болжамның синоптикалық жағдайларға байланысты өзгеруі мүмкін екенін ескертті.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓