Жаңа жылдың алғашқы жәрмеңкесі

Бүгін облыс орталығындағы Спорт сарайында ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілердің  жәрмеңкесі өтті. Бұл Қой жылы ұйымдастырылған алғашқы жәрмеңке болатын. IMG_5471Оған облыс әкімі Нұралы Садуақасов қатысып, сөрелерге сатуға қойған тауарлардың  бағасын өз көзімен көрді.
IMG_5534Сағат 10.00-де болады деген жәрмеңке уақытынан бұрын басталып кетіпті. Жиналған  халық таласа-тармаса өздеріне қажетті азық-түлік өнімдерін сатып алып жатыр. Мұнда  халыққа ең қажетті деген өнімдердің бірі – картоп пен жуа арзан бағамен сатылды. Мәселен, картоптың келісі 70 теңгеден, жуаны 60 теңгеден, сәбізді 45-тен, қызылшаны 50 теңгеден сатты. Арзан болғандықтан болар, жиналған жұрт та жапа-тармағай қапшықтап әкетіп жатты. Базарда 5 литрлігі 1350-ден сатылып жатқан "Федоровский дар" сұйық майы да 1100 теңгеден сатылды. IMG_5490Ал, еттің бағасы әдеттегідей екен. Жылқы еті 1000-1100-ден, сиыр 950-ден, шошқа еті 900 теңге аралығында сатылды. Бірақ, бұл жолы етке деген сұранысты да байқай қоймадық. Шұжық өнімдері де 50-60 теңгеге төмен бағамен сатылды. Базарда, дүкен сөрелерінде 180-200 теңге аралығында сатылып жатқан жұмыртқа осы жолғы жәрмеңкеде көлеміне қарай 160 теңгеден сатылды. Бірін-бірі итере кезекке таласып жатқан халықтың санында да шек жоқ. Бәрі де таласып-тармасып 100-200 данадан алып қалуға тырысуда.
IMG_5526– Жалпы, бұл ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі қарапайым халық үшін  тиімді болып отыр. Мәселен, саудагерлер ешқандай делдалдың көмегінсіз-ақ өз өнімдерін арзан бағаға өткізе алады.
Сондай-ақ, бұл жерде өз өнімдерін сату үшін орынға ешқандай ақы да төлемейді. Ал, базарда, дүкендерде қымбатқа сатылатын азық-түлік өнімдерін халық осы жәрмеңкеден 10-15 пайыздық арзан бағамен сатып алады. Бұл халыққа қолайлы, –  деді  өңір басшысы саудагерлермен  пікір алмасқан кезде .
Сондай-ақ, облыс әкімі жәрмеңкеде өз өнімдерін белгіленген бағадан қыбат ұстайтындар болса назардан тыс қалмайтынын ескертті.
IMG_5489Осы орайда, біз де жәрмеңкеге жиналған халықпен тілдесіп қалуға тырыстық. Бәрі де жәрмеңкеге көңілдерінің толатындығын айтып, азық-түлік өнімдерінің арзан бағамен сатылып жатқандығына ризашылықтарын білдіруде. Тіпті айына екі рет емес, бірнеше рет ұйымдастырылып отырса деген ұсыныстарын да жасырмады.
IMG_5529Қасым Аманов,  қала тұрғыны:
– Осы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылғалы бері базардан азық-түлік алуды қойдым.  Керегімді тек жәрмеңкеден ғана аламын. Мұндағы баға базарға қарағанда  арзан. Өзім қаланың шет жағында тұрамын. Соған қарамастан, жәрмеңке болады деген күні ертемен келемін. Бағасы өткен жылғыдай екен, еш өзгермеген.
IMG_5525Рабиға Қасқатаева , зейнеткер:
– Қазір  азық-түлік өнімдерінің бағасы күн сайын көтеріліп жатыр ғой.  Біз сияқты тиын санап отырған зейнеткерлерге қиын. Әйтеуір, осы жәрмеңкенің ұйымдастырылып тұратынына шүкір дейміз. Керегімізді арзанға  алып  жатырмыз.  
Осы орайда кезекті жәрмеңке алдағы ақпан айының 7 күні өтетінін айта кеткеніміз жөн.
 
Мешіт Ғазиз
Суреттерді Түсірген Айбек Жүзбай

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓