Интернат үйіндегі жаңа жыл мерекесі

Интернат үйінің тәрбиеленушілері әсем безендірілген жасыл шыршаны айналып, мерекелік кешті ән мен думанға бөледі. Жаңа жыл кешінің басты кейіпкерлері Аяз – ата мен Қаршақыз келген сәтте балалар өз өнерлерін көрсетіп, бірі тақпақ, бірі би – билеп, екіншісі қара домбыраның шанағынан күй төгіп жатты. 20151226_110216 Ал Қаршақыз болса тәттілерді таратып, өнерлеріне баға беріп, кішкентай достарына әуезді әнін сыйға тарту етті. Ертегі кейіпкерлерінің рөлдер сомдаған балалардың өнерлеріне тәнті болған Аяз – ата ақ батасын берді.
Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің директоры Жанат Темірова және Интернат үйінің меңгерушісі Сәбит Әбдікәрімов балалар мен ата – аналарды келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жүрек – жарды лебіздерін білдірді. Б.Хамзин атындағы өнер мектебінің ұжымы Интернат тәрбиеленушілеріне Аяз ата мен Қаршақыздан сәлем хат жолдап, мерекелік сыйлықтарын үлестірді. Бұл кеште әлеуметтік жағдайы төмен балаларға ерекше құрмет көрсетілді. Атап айтар болсақ, “Сенім Вера” қоғамдық бірлестігі Арман Сағындыққа бағалы сый – сияпат жасады. Сонымен қатар мереке қарсаңында “Көрікті бөлме” сайысы ұйымдастырылып, жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.20151226_111610
-Біздің мақсатымыз жылыны бір рет келетін жаңа жыл мерекесін қызықты өткізіп, балалардың есінде мәңгілік қаласа екен дейміз. Олардың жүздерінен шаттық көрсек өзімізді бақытты санаймыз. Себебі еліміздің ертеңгі патриот азамат – азаматшалары бүгінгі жас ұрпақ. Тағылымды тәрбие беріп, қамқорлық танытып, адамгершілік жақсы қасиеттерді бойларына сіңірсек, біздің еңбегіміздің жаңғаны. Интернатта оқып жүрген барлық балалар өнерлі. Сабақ үлгірімдеріде өте жақсы. Тіл алғыш. Олардың арманы мектепті бітіріп, жоғарғы оқу орындарына түсіп, туған жерге келіп қызмет жасау. Бізде соған тілектеспіз. Туған жердің туын желбіретіп, ел игілігі үшін қызмет жасап жатса, жемісті еңбегіміздің бағаланғаны”, – дейді Интернат меңгерушісі Сәбит Есімұлы.
Жаңа жыл кешін көтеріңкі көңіл күймен қарсы алған Интернат тәрбиеленушілері ескі жылды қимастық сезіммен шығарып салды.
 
Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓