Көрген көзде жазық жоқ

Мына сурет Жанкелдин ауданынан келді. Қазақшадан басқа тілі жоқ торғайлықтар мұны қай орыстың құрметіне іліп қойды екен?IMG_2691

You may also like...

8 Responses

  1. Ешо айтты:

    Ең болмаса, "тек қана қазақша сөйлейтін немесе 100пайызы қазақ тілінде сөйлейтін аудан"- деп айтуға болмады ма? "Қазақшадан басқа тілі жоқ"-деген не сөз?

  2. Ешо айтты:

    Əлде, Торғайлықтардан ала алмай жүрген өшіңіз бар ма еді?

  3. Бауыржан айтты:

    Иванов мектебинин курметине сол жактагы)) 

  4. Қолқоюсыз айтты:

    Бул биздин мереке емес ,оган тартысудын кереги жок.Жана жылымыз алда Наурыз гой сонда коре жатармыз…

  5. Сара Жақсылық айтты:

    жаңа жыл деген тек қана дінге немесе тек бір ұлтқа тән мереке емес қой. бұл күнтізбенің жаңа беттен басталуы,адамдар жұмысын,барлық ісің жаңа леппен бастауы.яғни каленьдарға қатысты дүние бұл.жұрттың бұл біздің мереке емес,тойламаймыз деп бекер даурыққаны орынсыз көрінеді.өзіміздің ұлттық мерекеміз наурызды да ұмытпаған жөн.

  6. Маржан айтты:

    Меніңше, қай ұлтта болса да бір ғана жаңа жыл болуы тиіс. Екі Отан да болмайтыны секілді екі жаңа жыл да болмайды. Көңіл үшін бір басқа өзің және өмір үшін бір басқа. Демек, осы бір көңілге қарау, жұрттың бәрі деу қателік.Жұрт деген менің ұғымымда біздің жұрт. Ең алдымен ұлтың-жұртың. Иә, тойланады жаңа жыл!Тек бұл көршілердің мейрамы. Қазақтың жаңа жылы 22 наурыз күні. Күн мен түн теңелетін, көктемдегі жаңа жыл жақсы ақ белгіленген екен.Айтқандай, қазақша сипаттағы жаңа жылы 22-наурыздан басталатын "пайдалануға болатын жаңа күнтізбе" жасап шығаратын кез де жеткен. Оның не созатыны бар?Алмайтындар алмайды, тойламайтындар тойламайды-кеуде керіп қайда барады.Шаңыраққа қарайды. Даурығатын дәнеңесі жоқ. Ақырындап күнтізбені шығарып, үйде -түзде құймақұлақтарға құя беру керек. Болды.

  7. Сара Жақсылық айтты:

    айтқаныңыз дұрыс-ау. бірақ дәл қазір сіздің сөзіңіз ертегіге ұқсайды.өзіңіз айтқандай күнтізбе жасау,соған орай икемделу қиынға соғады.бұрыннан қалыптасып қалған стереотиптер оған кедергі болады.қаншама жыл орыспен бірге тыныс-тіршілігі бір болған қазақты одан алыстата аласыз ба.бәрібір тойлай береді.бәрібір бұрынғы әдеттерің қоймайды.күнтізбе түгіл өз әліпбиімізді кириллицамен жазып жүрміз.кім қазір сол күнтізбені жасап,кім жоғарыдан жарлық шығармақ,ойланып көріңізші.тек қана бір жаңа жыл деген ұранмен шапқылау ел ішінде дүрдараздық туғызары сөзсіз.сондықтан жаңа жылды жаңа жыл деп,ал наурызды күн мен түн теңелген қасиетті мереке деп есептеуіміз керек деп ойлаймын. көп ұлтты мемлекет болғандықтан қанша менің жерім,елім десең де татулықты сақтағын келсе өзге ұлттың мейрамың,салтың да сыйлауын керек.ұлтшылдықтың ескі бейнесін ұмытқан жөн!

  8. Нуржан айтты:

    Косыламыз толыктай. Казакшадан баска тили жок деген буртурли естиледи екен! 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓