Индустриаландыру картасының болашағы жарқын
Үстіміздегі жыл біздің облысқа оңайға түскен жоқ. Өнімге сұраныс азайды. Сөйтіп, экономика саласы біраз әлсіреді. Облыс әкімі А.Мұхамбетовтың жетекшілігімен өткен кеңейтілген мәжілісте тұтас жылдың көрсеткіштері жан-жақты сараланды. Мәселен, астықты өңірде биыл өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі жан басына шаққанда 82%-ға жетеқабыл. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сергей Карплюк мәлімдеді.
Оның сөзінше, қазіргі әлемдік тенденция біздің елімізге де әсер етпей қойған жоқ. Өнімге сұраныстың азаюынан тау-кен өндірісі 30%-ға қысқарған. Мәселен, тау-кен өнеркәсібі 2015 жылы 7,7 есе құлдырап, өнім өндірудің жалпы көлемі 36,4% -ке азайыған. Бұл жағдай басқа да өндіріс салаларында да байқалады. Мәселен, облыстағы 27 000 –нан астам еңбек ететін 12 кәсіпорынның да жағдайы осы тақылеттес.
Үстіміздегі жылы облыстағы 50-ге жуық өнім өндіруші ірі және орта кәсіпорындар былтырғы көрсеткішке жете алған жоқ. Сала көрсеткіші сегіз есе құлдырады. Ал бұл өндіріс ошақтарында он мыңнан астам адам жұмыс істейді.
Келесі жылы жеңіл көлік құрастыру-34%-ға, кондитер өнімдерінің өндірісі – 30%-ға төмендеуі мүмкін. Ірі өндіріс ошақтары шоғырланған облыстың алты өңірінің бірде-біреуі 100%-дық межені бағындыра алған алмады. Айталық, Қостанай ауданында ет өндірісі 22%, шұжық шығару 11%-ға кеміген.
С.Карплюк индустриаландыру Картасының аясында жүзеге асқан жобалар әзірге адымын аша алмай отырғандығын айтты. Бірақ, бұл уақытша ғана құбылыс. Соңғы бес жылдың бедерінде өмірге жолдама алған бірнеше ірі жобалардың дені бүгінде қалыпты жұмыс істеп тұр. Демек, инстустриаландыру Картасының болашағы жарқын болары даусыз. 2011 жылдан бері облыста құны 121 млрд.теңгеге бағаланған 81 жоба пайдалануға берілген. Келесі жылы өңірде тағы 11 жоба қолға алынбақ.
Қанша жерден қаржы дағдарысы етектен алғанмен, оған қарсы шараларды жүзеге асыру арқылы оңтайлы нәтижелерге қол жеткізуге болады. Оған мүмкіндіктер де жоқ емес. Бұл 2016 жылға жасалған болжамның басты ұстанымы. Облыс әкімің Архимед Мұхамбетов аудан және қала әкімдеріне жаңа жобаларды іске уақытылы қосу шараларын қадағалауды тапсырды. Кеңейтілген мәжілісте тағы бірқатар мәселелер талқыланды.
Айбек КӘДІРҰЛЫ
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.