Тұрғын үй құрылысы

IMG_39812014 жылғы қаңтар-қыркүйекте облыс аумағында жалпы алаңы 171000 шаршы метр (1481 пәтер) тұрғын үй тұрғызылды, бұл 2013 жылғы қаңтар- қыркүйекке 114,1% құрды.
2014 жылғы қаңтар-қыркүйекте тұрғын үй құрылысына инвести-цияның 14146,9 млн. теңгесі бағытталды, бұл 2013 жылғы қаңтар-қыркүйектен 7,0%-ға жоғары. Тұрғын үй құрылысы инвестицияларының негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлесі 10,4% құрады.
Тұрғын үйлерді пайдалануға беру Лисаковта (2,3 есе), Қостанай (58,6%-ға) және Қарабалық (30,0%-ға) аудандарында едәуір өсті.
Салынған тұрғын үйлер көлемінің ең үлкен көлемі Қостанай қаласында (98514 шаршы метр немесе пайдалануға берілген тұрғын үйлер жалпы көлемінен 57,6%) пайдалануға берілді.
Қалалы және ауылды жердегі тұрғын үйлер құрылысының үлесі, тиісінше, 75,4% және 24,6% құрды. Сонымен бірге ауылды жерлерде жалпы көлемі 42082 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2013 жылғы қаңтар-қыркүйек деңгейінен 26,8%-ға жоғары.
Тұрғын үйлердің жалпы алаңының 1 шаршы метр құрылысының орташа нақты құны 77,7 мың теңге болды. Тұрғын үйлердің 1 шаршы метр құрылысының ең жоғары құны Федоров ауданында (103,9 мың теңге) және Қостанай қаласында (99,2 мың теңге) қалыптасты.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓