Маңызды меморандумға қол қойылды

Бүгін облыс әкімі А.Мұхамбетов Астана қаласына барған іссапары барысында «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ мен Қостанай облысы әкімдігі арасындағы өзара қызметтестік туралы меморандумға қол қойды. Үстіміздегі жылы екі тарап республикалық маңызы бар автожолдарды жөндеу , қалыпқа келтіру жоспарларын жүзеге асыруды көздеп отыр.DSC_0071
Талдап айтқанда, меморандум аясында облыс орталығындағы Таран көшесі арқылы Тобыл өзенінің үстімен өтетін көпірді жөндеу жұмыстарын аяқтау негізге алынған. Жоба құны – 2,4 млрд. теңге. Жоспар бойынша, көпірдің бір жартысы арқылы қозғалыс 2016 жылдың 1-маусымына дейін ашылуы керек. Ал құрылыс жұмыстары тамыз айында тәмамдалуы тиіс. Бұған қоса, Қамысты ауданынан Рудный қаласына дейін созылатын «Қарабұтақ-Денисов-Рудный-Қостанай» автожолы учаскісін жөндеуден өткізу де жоспарға алынған. Жоба құны – 46 млрд. теңге. Оның ішінде, күрделі жөндеу бойынша, «Қарабұтақ-Комсомольский-Денисов-Рудный-Қостанай» автожолы жол желісінің жұмыстарын 2016 жылы Тобыл стансасы аумағынынан бастау керек. Ал, республикалық маңызы бар 70 шақырымдық жолдарды орташа жөндеуден өткізуге 1,2 млрд. теңге қарастырылып отыр. Сондай-ақ салқын ресайклинг әдісімен жасалынуы тиіс орташа жөндеуге межемен 3,0 млрд. теңге қосымша қаражат бөлінуі керек. Бұл да 86 шақырымдық республикалық маңызы бар автожолға тиесілі болмақ.мост 1
Сондай-ақ, Қостанай облысы аумағын басып өтетін республикалық маңызы бар автожолдарды жөндеуге қажетті жол-құрылыс техникасымен қамту мәселелері жіті бақылауда ұсталатын болады. Өйткені өңір басшысы А.Мұхамбетовтің айтуынша, облыс үшін республикалық тас жолдарды жөндеуден өткізу аса маңызды.
Мұның, бір жағынан, қостанайлық бизнестің әлеуетіне оң ықпалы бар әрі жаңа жұмыс орындарын құруға септігін тигізеді. Ірі құрылыс көлемдерінің пайда болуымен және құм, қиыршық тас сынды қажетті материалдар жергілікті құрылыс жабдықтарын саудалаумен айналысатын нысандардың ісін өрге жүздіреді деп күтіледі. Екі жыл барысында және жоспарланған жұмыстар аяқталған соң да республикалық маңызы бар көлік жолдары арқылы Қостанай облысының транзиттік рұқсатнамалық қабілеті арта түседі. Бұл, сәйкесінше, Тобыл өңірінің экономикасының дамуына серпін беріп, аймақтың инвестициялық тартымдылығын қалыптастырады.
Осыған қоса, жол бойындағы сервис пен транспорттық инфрақұрылымды дамыту мақсатында бизнес-құрылымдарды тарту күтіліп отыр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓