«Тобыл» командасы бәссауда өткізді

        Жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша «Тобыл» командасы жаңа жыл қарсаңында қайырымдылық шарасын өткізді. Бәссауда  осымен бесінші мәрте ұйымдастырылып отыр.IMG_3025
         IMG_3035Бұл жолы танымал футболшылардың формаларын саудаға шығару арқылы команда Виктория Логинованың ем-домына  70 мың теңге жинап берді.IMG_3009
         Бір жас бес айға енді толған сәби Лисаков қаласында тұрады. Дәрігерлер Виканың омыртқасы зақымданған деп отыр. Оны емдеп, жазу үшін 1 млн.800 мың.теңге ақша қажет көрінеді.IMG_3047IMG_2965
 
IMG_2975
          IMG_2995
IMG_3000
IMG_2989
IMG_3022
IMG_3071
IMG_3094«Тобыл» футболшылары мұндай шарадан бей-жай қалған жоқ.Сатылымға он екі футболшылының киімдері мен ала доп шығарылды. Бәссаудаға түскен ең қымбат форма команда капитаны Нұрбол Жұмасқалиевке тиесілі. Оның футболкасы 21.000 теңгеге сатылды. Уче Калудың формасы 10.000 теңгеге өтсе, Игроь Зеньковичтің киген футболкасы-6.000 теңге, Сергей Явороский, Иван Садовничийлердің киімдері 5.000 теңгеден айналды.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓