Кубок үшін жарысты
Сарыкөл ауданында қазақ мектептері арасында «Менің елім, менің жерім!» атты жайдарман (көңілді тақпырлар сайысы) жалауын түрді. Сарыкөл ауданында қазақ мектептері «Менің елім, менің жерім!» атты жайдарманнан жарысында . Әкім кубогы сарапқа салынған сайысқа қатысқандар өз өнерлерін барынша ортаға салды. Астарлы әзіл, қағытпа қалжынмен көрерменге күлкі сыйлады. Әзілге сусап қалған сарыкөлдіктерді сусындата білгендері суырылып алға шықты. Яғни, төрде отырып, төрелігін айтқан қазылардың шешімімен «Бекет Ордасы» (Б.Өтетілеуов орта мектебі) бірінші орынды бағындырса, ал «Алаш жастары» (Сарыкөл орта мектебі) екіншіні еншілеп, сондай-ақ «Соналы.kz» (Соналы орта мектебі) үштікті місе тұтты.
Жалпы, жарыс соңында жеңімпаз командалар аудан әкімінің арнайы кубогы мен мадақтама қағаздары және сый-сыяпаттармен марапатталды.
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.