Жастар мәселесі талқыланды
Жуырда Қостанай облыстық "Нұр Отан" партиясы филиалы "Жас Отан" жастар қанатының ұйымдастыруымен "Жастарды қолдау" бағытында облыстық мәслихат депутаттарының қатысуымен алқалы мәжіліс өтті.
Бұл жиында облыстық жастар саясаты басқармасының бөлім бастығы Динара Қарымсақова мен жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жұмыспен қамту бөлімнің басшысы Гаухар Тілеубаева баяндама жасап, бүгінгі жастар мәселесіне тоқталып, депутаттар сауалдарына жауап берді. "Жас Отан" жастар қанаты алдағы уақытта жастар мәселесіне қатысты тағы да осындай бас-қосулардың болатынын жеткізді.
Нұрболат МЕШІТБАЕВ