Қостанай облысында референдумды қолдау штабы құрылды
Президенттің республикалық референдум өткізу туралы Жарлығына байланысты референдумды қоғамдық қолдау мақсатында облыстық штаб құру туралы бастама көтерілді. Мұндай штаб республикалық деңгейде де бар. Бастаманы қоғам белсенділері қолдап отыр. Штаб төрағасының қызметін ҚР тұңғыш Конституциясының авторларының бірі, сондай-ақ ҚР Парламентінің депутаты болып, мол тәжірибе жинаған азамат Сергей Жалыбин атқарады.
Штабқа кіруге қоғамдық бірлестіктер, партия өкілдері, салалық қауымдастықтар, облысымыздың жанашыр азаматтары ниет білдірген.
"Бұл ретте біз түрлі мақсатты топтармен кездесіп, барлығына ұсынылып отырған конституциялық түзетулердің мазмұнын түсіндіреміз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында саяси жүйені кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынды. Бұл бастама ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2022 жылғы 5 мамырдағы жарлықта жүзеге асырылды. Ол саяси жүйені қайта құру үшін көптен күткен шараларды қамтып, қоғамның мемлекетпен өзара іс-қимыл форматын жаңартуға деген сұранысын көрсетті. Конституциялық реформаның ережелері түрлі қоғамдық күштердің, сарапшылар мен белсенді азаматтардың бастамаларына негізделгені маңызды. Сонымен қатар, олар үкіметтің халыққа есеп беретінін, ықпалды парламенттің, шын мәнінде халықтық мәслихаттардың жұмыс істеуі үшін тиімді тетіктерді қамтамасыз етуге арналған.
Референдум қорытындысы халықтың ерік-жігерінің көрінісі және жарқын болашағымызды түсінуінің айқын дәлелі болмақ", – деді референдумды қолдау бойынша қоғамдық штаб төрағасының орынбасары Нұрбек Әбдібеков.

Айта кетейік, референдум осы жылы 5 маусымда өтеді.