Сауда үйі ашылды

 Арқалықта ел дамуының ерен үлгісін көрсететін шағын және орта бизнес саласы өркендеп келеді. Соның бір куәсіндей болып, қала орталығынан "Зейнегүл" атты сауда үйі ашылды.DSCF2866
 Сауда үйінің салтанатты ашылуында қала әкімі Ғазиз Бекмұхамедов құттықтау сөз сөйлеп, қалалық мәслихаттың хатшысы Нақан Шалдыбаевпен бірге кермесін қиды. Салт-дәстүрімізге сай шашу шашылып, ел ақсақалдары Орекен Алмат пен Жәнібек Ғапбасұлы игі бастамаға ақ жол тіледі.IMG_8371
 "Әбдібек" жеке кәсіпкерлігі мемлекеттік "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы 14 млн. 500 мың теңге несие алған. Он төрт пайыздық несиенің он пайызын үкімет, төрт пайызын кәсіпкер өтейді.DSCF2863
 – Бұл – біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кемел саясатының арқасында қол жеткізген табыстарымыз. Кәсіпкерлігімізді кеңейтіп жатырмыз.  "Алтынай" атты дәмханамыз жұмыс істейді. Мал басын өсірудеміз. Сауда үйін әлеуметтік дүкен десе де болады. Себебі, мұндағы баға нарықтағыға қарағанда арзан. Елбасымыз айтқандай, елдің мүддесімен санасуды ойладық,- дейді жас кәсіпкер Абай Балтабайұлы.DSCF2861
 Жаңа сауда үйі үш бөліктен тұрады. Онда азық-түлік, жеміс-жидек, арақ-шарап бөлімдері топтастырылған.
 
Мұрат Жүнісұлы
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓