Үздіктер марапатталды

Жанкелдин ауданы Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде өткен мерекелік “Триумф” салтанатты марапатына облыстық, республикалық, халықаралық, зияткерлік, шығармашылық, спорттық жарыстардың, олимпиадалардың жүлдегерлері мен тәлімгер жетекшілері қатысты. Олардың арасында халықаралық байқауларда Торғай өнерін мойндатқан күйші, биші, суретшілер мен әсем дауысты әншілер де бар. Олар байрақты бәсекелерде ауданымыздың абыройын асқақтатып, жеңіс туын желбіреткен жас өрендер. Болашақтарынан зор үміт күттіретін дарынды спортшылар мен білімді жас ұрпақ. Ел сенімін арқалаған Қазақстанның патриот азаматтары.IMG_2473
Аудан әкімінің орынбасары Түбекбай Әубәкіров салтанатты марапатқа жиналғандарды келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап, аудан әкімінің алғыс хаттарын халықаралық, республикалық турнирлердің жеңімпаздарына және жетекшілеріне табыс етті. Осы кеште кеше ғана мемлекеттік “Шапағат” төс белгісінің иегері атанған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің аға жаттықтырушысы Әділбек Молдағасимовке екінші мәрте құрмет көрсетілді. Сонымен қатар халықаралық “Үздік адамдар” энциклопедиалық кітабына есімі алтын әріппен жазылған Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің мұғалімі Салтанат Мәженова төс белгімен марапатталды.IMG_2477
Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Наурызбай Сейдахметов спорт, өнер салалары бойынша облыстық деңгейдегі жарыстарда жетістіке жеткен оқушыларға арнайы алғыс хаттар табыстады.
Салтанатты кеш соңы мерекелік концертке ұласты.IMG_2468
 
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Жанкелдин ауданы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓