Жастардың «Алтын кітабына» жаңа есімдер қосылды
Қостанай облысы жастарының «Алтын кітабына» тағы да жаңа есімдер тіркелді. Әр саланың үздіктерін, жүйріктерін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов құттықтап, марапаттады.

2005 жылы басталған бұл іс-шара биыл да жалғасын тауып отыр. Аталған салтанатты кездесуді облыстың жастары асыға күтеді десек әбестік болмас.
Осы уақытқа дейін «Алтын кітапқа» 170 жас өскіннің есімі тіркелген. Үздіктердің қатарын биыл тағы да он лауреат толықтырып отыр. Марапат иелері өнер-білім, оқу-ғылым, спорт пен бизнес салаларында жетістікке жетіп, өңірдегі жастар саясатының дамуына атсалысып жүрген азаматтар.


-Халқымыз «Ақыл – жастан, асыл – тастан» деп жастарға үміт артқан. Жақында ғана ел тәуелсіздігінің 24 жылдығын тойладық. Осы жылдар ішінде республика жастары үшін жасалған қолайлы жағдайлар мен ұсынылып отырған мүмкіндіктер өскелең ұрпаққа деген қамқорлықтың нақты дәлелі. Егемендікке енді ғана қол жеткізген сәтте Елбасы «Болашақ» халықаралық бағдарламасын ұсынып, жастардың шетелде білім алуына жол ашты. Бүгінде осы бағдарламаға қатысқан азаматтар мен азаматшалар ел игілігі үшін әр салада қызмет жасауда,-деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.





Қымбат Досжанова
Суреттерде: жылдың үздік жастарын марапаттау салтанатынан көріністер;
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.