Қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі
Кеше Облыстық мәдениет басқармасының ауласында қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге жиылған жұртшылық тәтті тағамдардан ауыз тиіп, сайқымазақтардың өнеріне қол соғып, көңілді әуенге елітті. Түрлі ойындар ойнатылып, көрермендер арасында биден жарыс та өткізілді.
Жаңа жылдық құттықтаулар мен қуыршақтар, кестелеп тоқылған қолөнер шеберлерінің туындылары сатылымға қойылды.
Ағаш шеберлерінің қолдан жасаған бұйымдары көпшіліктің назарына ілікті. Тұрмыста қолдануға ыңғайлы ыдыс-аяқтар мен қамшыларды, қазақы оюларды қолжетімді бағамен сатып алуға болады. Жәрмеңке сағат 18:00 мен 20:00 аралығында желтоқсанның 26-на дейін жалғасады.
Кенже Қонысбай
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ