Қыршын кеткен үш ғұмыр

Өңірімізде болған жол апатынан кәмелетке толмаған үш жасөспірім көз жұмды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
26 маусым күні сағат 20.20 шамасында «Қостанай-Қарабұтақ» автожолының 494-ші шақырымында RENОULT-SANDERA автокөлігін басқарған 36 жастағы әйел жүк көлігінен озып кетемін деп жолдың қарсы  бетіне шыққан кезде LEXUS көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан RENОULT-SANDERA автокөлігінде отырған кәмелетке толмаған үш жолаушы көз жұмды. Олардың екеуі 14 жаста, біреуі 17 жаста. Осы көлік тізгініндегі әйел мен 40 жастағы жолаушысы дене жарақатын алды.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.
Белгілі болғандай, RENОULT-SANDERA көлігіндегілер демалыс базасынан үйлеріне қайтып бара жатыпты. Жасөспірімдердің ешбірі тізгіндегі әйелдің туысы емес.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓