ТЕҢГЕ ТИЫННАН ҚҰРАЛАДЫ

Еуразиялық Топтың қолдауымен жыл басынан бері Рудный мен Қашар кентіне электр энергиясы Ақсу электр стансасынан арзан бағамен тасымалданып келеді. Осының арқасында тұрғындар 184 млн. теңгесін үнемдей алды. Еске сала кетейік, бұдан бұрын кеншілер Екібастұздық МАЭС-тің қызметін тұтынып келген болатын.221
– Бастапқы келісім бойынша электр энергиясын Ақсудан тек төрт ай ғана тасымалдауды жоспарладық. Алайда Топ басшылығы халықтың қамы үшін қалған айларда да электр энергиясын тасымалдаудың техникалық мүмкіндіктерін қарастырды, – дейді «ССКӨБ» АҚ бас энергетигі Саид Гафаров.
Теңге тиыннан құралады. Қызметтің өзіндік құнының төмендеуі қала тұрғындарының отбасылық бюджетіне оң әсерін тигізгені сөзсіз. Себебі, 1-сәуірден бастап 1кВт-тың бағасы жыл басында бекітілген 16,11 теңгеден 14,46 теңгеге түсті.
– Еліміз үшін қиын экономикалық кезеңде, әдетте, бағалардың өсуін күтеміз. Ал электр энергиясы үшін төлемде барлығы керісінше болды. Бұл біз үшін өте қуанышты жағдай. Мен электр энергиясы үшін айына 500 теңгеге дейін үнемдеп жүрмін, – дейді зейнеттегі қала тұрғыны Сәрсенбай Тұрсынбеков.
«ССКӨБ» АҚ президенті Береке Мұхаметқалиевтың айтуынша, кәсіпорын алдағы уақытта да тұрғындардың тұрмыс-тіршілігін жақсарту үшін қолдан келгеннің барын жасамақ.
– Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі қашан да басым бағыттардың бірі. 2016 жылда да тамаша үрдіс жалғасын тауып, тариф құны сол қалпында қалатын болады, – дейді бірлестік басшысы.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓