Еріктілер Елбасының жаңа кітабымен танысты

ҮЕҰ-дың облыстық ресурстық орталығының еріктілері «Тәуелсіздік дәуірі» атауымен жиын өткізді. Іс-шарада тарихи публицистика жанрында жазылған Елбасының жаңа еңбегі таныстырылды. IMG_7438Облыстық ресурстық орталықтың басшысы Динара Өтебаева кездесу барысында жаңа туынды туралы ой бөлісті.
"Кітапта тәуелсіз Қазақстанның негізі қаланған күннен бастап қазіргі кездегі жетістіктері кезең-кезеңімен баяналған. Тұтастай елдің тарихын қамтитын бұл кезеңдерді сіздердің бәріңіз бірдей көрген жоқсыздар. Сондықтан, Қазақстанның қалай құрылғаны сіздерді қызықтырады деп ойлаймын", – деді Д.Өтебаева. 
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты жаңа кітабы мазмұны аса бай 4 бөлімнен тұрады. Әр бөлімнің өзі бірнеше бөліктерге бөлінген. Олардың атауларына да зор мән берілген. Қазіргі күні әртүрлі аудиторияларда ттуындының тұсаукесері өтіп жатыр. Әсіресе, жас ұрпақ үшін кітаптың құндылығы жоғары.
"Елбасы өзінің еңбек жолын көпұлтты жұмысшы ұжымынан бастап, сол ортада пісіп жетілгенін жазады. Жеңіске жетер жол бірлікте екенін жастайынан бойына сіңіріп өсті. Тәуелсіз Қазақстанның қазіргі жетістігінің бірегей моделі де – бірлік. Ендеше, біздер, кейінгі жастар ел бірлігінің ұлы күш екенін естен шығармауымыз керек", – деді «Қостанай облысының азаматтық альянсы» ҚҚ еріктісі, жастар мәслихатының VII шақырылым депутаты Ербол Тәжібаев.
 
Қымбат ДОСЖАНОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓