“Ел тағдыры – Судьба страны”

Міне, осындай тақырыппен  Қостанай қаласындағы  орталықтандырылған кітапхана жүйесінің №6 кітапхана филиалында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арнап слайд-композиция өткізді.
SAMSUNG CAMERA PICTURES

SAMSUNG CAMERA PICTURES

 Шараның басталуында Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны орындалды.   Бірінші бөлімде республикамыздың тарихына шолу  жасалса, екінші бөлімде кітапхана мамандары Елена Шибаева мен Гүлнәр Қатова Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі күнге дейінгі жетістіктерінің хронологиясы туралы айта  келіп, әр жылғы тарихи өзгерістер туралы мәліметтерді электронды презентация арқылы көрсетті. Желтоқсан көтерілісі туралы шағын бейнефильм көрсетілді. Жиналғандар  желтоқсан құрбандарын  бір минут  үнсіздікпен еске алды.
SAMSUNG CAMERA PICTURES

SAMSUNG CAMERA PICTURES

 «Мақтанышым – Тәуелсіз Қазақстан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Қазақстан – менің Отаным» атты викторина өткізілді. Қостанай қалалық М. Хәкімжанова атындағы № 20 орта мектебінің оқушылары Жұлдызай Жұмағалиева, Данара Әбілева, №19 орта мектебінің оқушылары Даша Давыдова, Валерия Карачулина  ел тәуелсіздігіне арнаған өлеңдерін оқыды.
 
Гүлназым САҒИТОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓