Жыраулардан сөз қалған

Асанқайғы Сәбитұлы (ХIV-ХV)
 
"Күнiнде өзiм болдым деп, Кең пейiлге таласпа. Ғылымым жұрттан асты деп, Кеңессiз сөз бастама. Жеңемiн деп бiреудi, Өтiрiк сөзбен қостама."
"Таза мiнсiз асыл тас, су түбiнде жатады. Таза мiнсiз асыл сөз, ой түбiнде жатады".
"Арғымаққа мiндiм деп, артқы топтан адаспа, артық үшiн айтысып, достарыңмен сынаспа",  "Қарындасыңды жамандап, өзiңе туған табылмас"
"Мiнезi жаман адамға, ендi қайтiп жуыспа. Тәуiр көрер кiсiңмен, жалған айтып суыспа"
"Есенiңде, тiрiңде, бiр болыңыз бәрiңiз", "Естi көрсең кем деме, бәрi тұйғын табылмас";
"Нәпсi алдаушы дұспанның, насихатын алмағұл,  Бақыты оянған ерлердiң, әрбiр iсi оң болар";
"Сөз сөйлесе жөн бiлiп, не десе де жарасар"; "Ауылдағы жамандар, ел қадiрiн не бiлсiн!". Болатын адам, өсетiн ел тәуiр көретiнмен жалған айтып суыспайды, болмайтын нәрсеге кiжiнесiп, желке құрыстырып ұрыспайды".
Бұл заманда не ғарiп? Ақ қалалы боз ғарiп, Жақсыларға айтпаған Асыл, шығын сөз ғарiп; Замандасы болмаса, Қа-риялар болар тез ғарiп; Қадiрiн жеңге бiлмесе Бойға жеткен қыз ғарiп; Ел жағалай қонбаса, Бетегелi бел ғарiп, Қаз-үйрегi болмаса, Айдын-шалқар көл ғарiп; Ата жұрты бұқара. Өз қолыңда болмаса, Қанша жақсы болса да, қайратты туған ер ғарiп.
"Иiс майын жамандап, жұпар қайдан табасың? Көлдiң суын жамандап, Едiл қайдан табасың?"
скачанные файлы (1)
Шалкиiз Тiленшiұлы (1465-1560)
 
"Кенелейiн деген жiгiттiң, жылқы iшiнде екi арғымағы тел өсер. Сүйiнейiн деген жiгiттiң, сүбеде алтау-жетеу ағайы-ны тең өсер!" Жоғары қарап оқ атпа, Жуық түсер қасыңа. Жаманға сырыңды қосып сөз айтпа, күндердiң күнi болғанда, сол жаман айғақ болар басыңа. Жақсының жақсылығы сол болар, жаманменен бас қосып, сөйлемекке ар етер. Жаманның жамандығы сол болар, сөйлесе дәйiм қара етер. Бiр жақсыға басың қосып сөз айтсаң, сол жақсы жамандығың жақсылыққа жыр етер.
"Жамандар қоңқалап, бiр жақсыны көре алмайды." "Туырлығы жоқтың, туғаны жоқ, тыраңдап түзге де кетедi."
 
Ақтамбердi Сарыұлы  (1675-1768)
 
"Әдiл туған жақсыға, екi даугер жүгiнсе, тiзесiн қисық бұрмаса, асылдығы бiлiнер."
 Орын тапқан ер жiгiт, жерсiз болар деймiсiң. Орда тiгiп орнаса, төрсiз болар деймiсiң!"
"Жаман болса жолдасың, астыңнан өткен сызбен тең", "Жаман туған жiгiтке, рақатты күн бар ма".
"Сары аязда қата ма, қайнардың аққан тұнығы. Қап түбiнде жата ма, болаттың асыл сынығы"
 
Бұқар жырау  (1693-1787)
 
"Батырлықтан не пайда, халқыңа  қайран   қылмаса, хандардан   пайда   жоқ,   қарашаны   жалмаса"  
"Кiсiлiкке қайшы iске қарап тұрмау; Кiсiлiкке қайшы сөзге бас шұлғымау; Кiсiлiкке қайшы былыққа батпау; Кiсiлiк қасиеттi ақтау, құдiреттi баптау."
"Жақсыға қылған жақсылық, өмiрiңде тозбайды. Жаманға қылған жақсылық, бiр күнгiдей болмайды", "жақсы – арына құл, жаман – малына құл". 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓