“Жүргізуші! Есте сақта және ойлан!”

Сарыкөл агробизнес және құқық колледжінде жол-көлік апатынан қаза тапқандарды еске алудың дүниежүзілік күніне арналған акция өтті. Шара барысында әкімшілік, тәлімгерлер құрамы, акцияға қатысушылар және студенттер сапқа тұрып, өмірден өткен құрбандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Одан кейін акция автошерумен жалғасып, сап-қа тізілген көліктер Сарыкөл кентінің көшелері-мен жүріп өтсе, колледж-дің белсенді студенттері жүргізушілерге "Жүргізу-ші! Есте сақта және ойлан!" деген жазулары бар парақшаларды үлестір-ді. Жалпы, аталмыш акцияда ешкім де ескерусіз қалған жоқ.
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.
СУРЕТТЕ: акциядан көрініс.