Желтоқсаншыға құрмет көрсетілді

     Сан ғасырлық тарихымызға үңілсек, қазақ халқы  не көрмеді.  Талай қуғын-сүргін заманды басынан кешірді.  Әрине, осының бәрі бостандық пен Тәуелсіздікті аңсаған ата-бабаларымыздың  отаршыларға қарсы шыққан күресінен басталған еді. Сол зобалаңның соңғысы 1986 жылғы  16-желтоқсандағы жастар көтерілісі еді.
        Алматыдағы бұрынғы «Брежнев алаңындағы » «Қазақты қазақ басқарсын,  бізге басқаның керегі жоқ» деген ұранмен шыққан жастарды КСРО ның «Бұрқасын-86» операциясын жүргізген қаныпезер жендеттер басып-жаншып, ауясыз жазалады. Сол көтерілістің арқасында, міне, Тәуелсіздікке қол жеткізіп отырмыз.
        Мерекеге орай   Жангелдин ауданына қарасты Шеген ауылындағы Аманкелді атындағы орта мектебінде «Жас тарихшылар» апталығы өтті.  Тарихы пәнінің мұғалімдері Сұңғат Бекентаев, Әсел Кәкімжанова жоғарғы сынып оқушылары  арасында түрлі сайыстар мен дөңгелек үстелдер өткізді.сугирет
        Апталықтың қортындысында  7-11 сыныптың оқушылары Желтоқсан оқиғасын бейнелейтін қойылымдар қойды. Олардың арасында 10 мен 11 сынып оқушылары жақсы өнер көрсетті. Әсіресе, мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, кезінде  Желтоқсан оқиғасына қатысқан Жұмакүл Бекентаева апайдың басынан кешкен оқиғасын шағын көрініс етіп қойып, өздеріне бекітілген  рөлдерін жақсы сомдай білген 11 сынып оқушылары Нұргүл Ермұқан, Зере Сәбит және тағы басқа талапты жастарға жұрт ризашылықпен қол соқты. 
        Бұдан соң жиналғандар  мерекелік концертті тамашалады. Тағылымды кеште көзге түскен  мектеп оқушылары марапатталып, кеш қонағына мектеп ұжымы атынан Алғыс хат пен ескерткіш сыйлық табыс етілді. 
                                                                                     
Әли Қайсар,
Жанкелдин ауданы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓