Ұлттық валютаның банкноттары мен монеталарын қабылдаудан бас тартқаны үшін жауапкершілік туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, айналымда жүрген барлық банкноттар заңды төлем құралы болып келетінің және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрлері бойынша белгіленген құны бойынша, сондай-ақ, банк шоттарына есептеу үшін және ақша аудару үшін қабылдануға міндетті екенін, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталатынын және айырбасталатынын ескертеді. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 41-бабына сәйкес, Қазақстан Ұлттық Банкінің банкноттары мен монеталары Ұлттық Банкінің сөзсіз міндеттемелері болып табылады және оның барлық активтерімен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, Заңның 43 тармағына сәйкес, Қазақстан Ұлттық Банкінен басқа ешкім Қазақстан Ұлттық Банкі шығарған банкноттар мен монеталарды жарамсыз деп жариялай алмайды. Бұл ретте, 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 166-1 бабының 1,2-тармақтарына сәйкес: 1. Қазақстан Республикасы аумағындағы айналымда жүрген және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қабылдануға тиісті ұлттық валютаның банкноттары мен монеталарын белгіленген құны бойынша қабылдаудан бас тартқаны үшін-кіші немесе орта кәсіпкерлік немесе коммерциялық емес ұйым субъектілері болып табылатын жеке кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға он айлық есептік көрсеткіш көлемінде, ірі кәсіпкерліктің субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салуы қарастырылған. 2. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы аумағындағы айналымда жүрген және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қабылдануға тиісті ұлттық валютаның банкноттары мен монеталарын қабылдау, ұсақтау және айырбастаудан бас тартқаны үшін – елу айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салуы қарастырылған. Айналыстан шығалығандарын қоспағанда, ұлттық валютаның банкноттарын немесе монеталарын ақы төлеуге қаблыдаудан бас тартқан жағдайлар туынданған кезде, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қостанай филилына Қостанай қаласы, Баймағамбетов көшесі, 195 үй, 310 кабинет мекенжайы бойынша өтінішпен жүгіну қажет, телефон 54-22-12, жұмыс күндері дүйсенбі-жұма. Қазіргі уақытта, қолма-қол ақша айналымында жүрген төлем ақша белгілеріне келесі банкноттар мен металлды монеталар жатады:

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓