Теннис орталығы ашылды (фоторепортаж)
Бүгін Қостанайда теннис орталығы ашылды.
Жаңа спорт нысанының кермежібін қию рәсіміне облыс әкімі Архимед Мұхамбетов, Қазақстан теннис Федерациясының атқарушы директоры Диас Досқараев және қала әкімі Базыл Жақыпов қатысты.






Айтулы шарадан көзайым болмаққа келген жұртшылық алдында облыс өнерпаздары ән айтып, би билеп, түрлі цирктік қойылымдар ұсынды. Мереке күнгіге бергісіз көңіл-күй орнады.


Архимед Бегежанұлы өз сөзінде енді бұл теннис орталығынан жуық уақыт ішінде талай ракетка шеберлерінің тәрбиеленіп шығатынына шүбә келтінмейтінін айтты. Осы спорт түріне машығып жүрген жастарды сұхбатқа тартып, қолтаңба үлестірді.



Жандос Жүсіпбек
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков