Жаңғыртудың жаңа кезеңіне көшті

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Қазақстанның жаңа индустрияландырылуы. 2015 жылдың қорытындылары» Жалпыұлттық телекөпірі өтті. Оның барысында Рудныйдағы «Жас қанат-2006» құс фабрикасы жаңғыртудың жаңа кезеңіне көшті.
Фабрика ұжымымен бірге телекөпірге Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов те қатысты. Елбасының алдында сөз алған кәсіпорын директоры Қайрат Маишев:аким2
-Құрметті Президент мырза! Бүгінгі күні жұмыртқа өндірісінің көлемін арттыруға арналған жаңғыртудың кезекті кезеңі аяқталды. Өндіріске енгізілген заманауи технология еңбек өнімділігін 3 есе арттырып, жылына 250 млн. дана жұмыртқа шығаруға мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде біз өнімді еліміздің барлық облыстарына жеткізіп, оның 15 пайызын Ресейге экспортқа жөнелтіп отырмыз, – дей келе жүргізілген жаңғыртудың арқасында бұл көрсеткіш еселей түсетінін баяндады.аким
Президент, өз кезегінде, құс еті импортынан арылатын кез келгенін қадап айтты. Фабриканың жасап жатқан жұмыстарына оң бағасын беріп, ұжымға жаңа жетістіктер тіледі.
Айта кетерлігі, биыл Индустрияландыру картасы аясында 120 жаңа нысан пайдалануға беріліп, 10 мың тұрақты жұмыс орны құрылды. Телекөпір кезінде іске қосылған 18 жаңа индустриялық нысанның барлығы ел экономикасының алға жылжуына серпін беретіні сөзсіз.аким3
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓