Жолдау – жаһандық дамудың жолы

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында: «2016 жылдан бастап, Ұлт жоспары шеңберінде қабылданған жаңа заңдар жұмыс істей бастайды. Бүгін мен экономикамызды, мемлекетіміз бен қоғамымызды нығайтуды көздейтін жаңа шаралар туралы хабарладым. Барлығымыздың мойнымызда еліміздің болашағы үшін орасан зор жауапкершілік жатыр. Алдымызда қиын жұмыстар күтіп тұр. Қазақстан халқына Жолдауымдағы барлық міндеттерді жүзеге асыруда мен “Нұр Отан” партиясына ерекше орын беремін. Жолдау барлық партия мүшесі үшін іс-қимыл негізі және таяудағы жылдарға арналған бағдарлама болуы тиіс. Кең көлемді түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, адамдарды  жұмылдыру, қойылған барлық міндеттерді орындауда біріктіру керек» деген болатын.IMG_2157
Осыған орай аудандық мәдениет үйінде “Нұр Отан” партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рауыл Ахметжанов аудан тұрғындарының алдында Елбасының жаһандық даму тұрғысындағы Жолдауын қысқаша мәтінде баяндап, саяси мазмұнына ерекше көңіл бөліп, жан-жақты талдап, түсінік берді. Сонымен қатар Мемлекет басшысының кәсіпкерлер табына, барлық ауқатты қазақстандықтарға, бизнесмендер мен іскер адамдарға арнаған сөзіне де тоқталып өтті.
Сөз соңын Рауыл Қамбарұлы:  «Көлденең шыққан кедергілерге кідірмей, дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатына қадам бастық.  Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын! Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік! Көк байрағымыздағы алтын қырандай еліміз қанатын кеңге жайып, асқар биіктерден көрініп, жоқты жасай білген жасампаз жұртымыздың мәртебесі биіктей берсін. Мен халқыма сенемін!»,- деген Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың даналы сөзімен қорытындылады.IMG_2159
-Мен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының ішкі экономикамыздың дағдарыстан шығуына бағыттаған саясатын қолдай отырып, кешегі Жолдауда айтылған барлық міндеттерді тек билік өкілдері ғана емес еліміздің өркендеуіне қарапайым халықта атсалысып жатса, құптарлық іс дер едім. Бұл, әрине, ел игілігі үшін. Сондай-ақ, шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлер жеке бастың қамын ойлап қана қоймай, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, аудан экономикасының дамуына өз үлестерін қосса екен деген ұсынысым да бар,- дейді ауданымыздың құрметті азаматы Қабжәлел Әлібекұлы.IMG_2163
Аудан әкімі Асқарбек Кенжеғарин Жолдаудағы әрбір міндеттер мен тапсырмалар мемлекетіміз үшін өте маңызды екендігін айтты. Әлеуметтік салаларға баса назар аударып, ысырапшылдыққа жол бермеу керектігін де нысанаға алды. Себебі үнемшілдік – игілікті істерге бастар жол. Ауданның азғантай бюджетін қолдан келгенше үнемдеп, жаңа нысандардың салынуына мұрындық болып отыр. Атқарылған істерге қарағанда, алда атқарылатын жұмыстар шаш-етектен. Сондықтан сыртта жүрген  торғайлық қалталы азаматтарға хат жолдап, есепсіз шашып жатқан қаражатты елге бермесе де, туған жерге борышты екендіктерін ұмытпай  пайдаларын тигізсе, жылына бір рет өндірістік орындар салмаса да, ескі ғимараттардың қайта қалыпқа келуіне көмек қолдарын созса деген ойын ашық жеткізді.
 
                                                                      Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
                                                                             Жанкелдин ауданы
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓