Халыққа етене жақын

«Біздің заман-жазу заманы, жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман»-деп А.Байтұрсынов айтқандай, қазіргі бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде газет-журналдар қоғамның санасын қозғар, тыныс-тіршілігін танытар ең басты құрал деп ойлаймын. Ахаңның сол кезде айтып кеткен сөзі қазірге дейін өз күшін жоймақ емес. Сол заманның өзіңде халық өмірінде газет-журналдар қалай маңызды болса, қазіргі заманда тіптен шарықтауы тиіс.DSCN3214
Сол орайда облыстық «Қостаңай таңы» газеті  қыруар жұмыс атқарып келе жатыр. Газет бетіндегі жаңа айдарлар оқырман қауымның көңілінен шығып, енді ғана жыр әлеміне еніп келе жатқан жас ақындар үшін мол мүмкіндік берілуде. Тек қана басылым беті ғана емес, ғаламтордағы сайты қарқынды даму үстінде. Биылғы жазда ашылған «Сөз асылы» айдарынан сөз өнеріне деген қызығушылығы бар  жастардың шығармалары жарық көріп, Қостанайдың киелі топырағында туған белгілі ақындар Әсия Беркенова , Ақылбек Шаяхметов, Серікбай Оспанов сияқты ағаларымыздың  өлеңдері жарияланып жатады. Кітап бетіне үңіле бермейтін мына заманда,өлкеміздің әдебиет майталмандарының шығармашылығының сайт бетіне шығарылуы оқырман қауымды қуантарлық жағдай. Бұл жерде жақында ғана ашылған «16+»айдары жайлы айтпай кетуге болмайды.  Біз сияқты жастар қоғамдық өмірден бейжай қалмай, көкейінде туындаған сұрақтары мен ойларын редақцияға жолдап, ғаламтор бетінде пікір алмаса алады . Осы арқылы қазіргі жастардың тұлға ретінде көзқарасы қалыптасып, жеке ойы жетілмек. Әлі де болса сырттап жүрген, өз ойын ашық білдіремін деген жастарды осы айдарға атсалысуға шақырамын. Ешбір өзгертусіз сол қалпында, алғашқы ойын бұзбай жарияланған мақала оқырманның қызығушылығын туғызбай қоймайды.
Газет халықпен байланысудың үлкен айдыны болғандықтан,әрбір жастың, әрбір оқырманның пікірі ескерілсе жақсы ғой. Мына жаһандану заманында  ұлттық келбетімізді  жоғалтпай, қаймағы бұзылмаған күйі сақталуының бір пұшпағы қарапайым басылым беттеріне байланысты деп ойлаймын. Осы арқылы жас ұрпақ арасында насихат жүргізілсе ғана келешекке нық  тұғыр орнатылмақ.
 
Сара Жақсылық, ҚМПИ-дің 1-курс студенті.
  

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓